Өлең, жыр, ақындар

Ауылға келдім

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 365
Ауылға келдім,
Туған жер суық қарады.
Мен жайлы өсек өрттей-ақ гу-гу тарады.
Баяғы үйдің орнында тұрмын құлазып,
Қаңғыбас төбет қолымды келіп жалады.
Селт еткен жоқ-ау ауылдың алма ағашы,
Селт еткен жоқ қой жалбызды арық жағасы.
Амандаспады ешкім де келіп елжіреп,
Қалмағаны ма адамның түк те бағасы.
Ағызып қанын жүректі қатты жаралап,
Тұрғандай болды күллі ауыл мені табалап.
Қаңғырып кеттік қаңғыбас төбет екеуміз
Өзенді бойлап, жоғары өрлеп жағалап.
Өлімге деген бір сезім билеп ырқымды,
Сыймаған ойдан қақырап кеудем жыртылды.
Қайғыдан қаусап теңселіп келем,
Ал, бірақ,
Көңілді еді қаңғыбас төбет бір түрлі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен емес ем өмірден безер кісің

  • 0
  • 0

Мен емес ем өмірден безер кісің,
Жігеріме қылышын кезеңді сын.
Мұң сыйлаған мезеттер миды шақты,
Қарлығаштар, қалімді сезермісің?

Толық

Ештеңеге көңілім тұрақтамай

  • 0
  • 0

Ештеңеге көңілім тұрақтамай,
Сезімімнің елігі лақтамай.
Қызықтырмай жүр мені көктемдегі
Бүршігінен бал тамған шуақ маңай.

Толық

Генерал Жеңісбай Сұлтановқа

  • 0
  • 0

Ар алдында адалмын ба өзі мен,
Қарайыншы сырт адамның көзімен.
Талай нәрсе сіңіп еді санаға
Көпті көрген генералдың сөзінен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар