Өлең, жыр, ақындар

Тағдыр

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 301
Жадымнан шықпай жарлы күндерім,
Жабықсам, жылап жолығар.
Қайран да қайран тағдырым менің,
Қалың да қалың соры бар.
Жүрегім көнбей ақылға кей күн
Жүзімен ойнар семсердің.
Арманы бұлдыр ақын ба деймін
Əлемде мынау ең шерлің?
Өңімде – ойран, түсімде – бүлік
Өрттейін өршіп бел алған.
Қырық жыл қырғын ішінде жүріп
Бір күнім бар ма демалған?
Қасарып баққан халі бар меңде
Қақпанға түскен қасқырдың.
Тағдырды тəркі танығанмен де
Басымды тау мен тасқа ұрдым.
Кім керек етер мендейді бүгін,
Қашқалы қашан қадірім.
Білмеймін...
Жəне келмейді білгім –
Қалады қайда қабірім...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақ қызы

  • 0
  • 0

Тəттi уды, шөлдеп iшкен, көлiң дедiм.
Ақ буды көлбеп ұшқан лебiң дедiм.
Аққудың көгiлдiрi,
Өмiр гүлi –

Толық

Қош, кермиық Келiншек, ерке күлген

  • 0
  • 0

Қош, кермиық Келiншек, ерке күлген,
Менi ұмыт,
Бақытты бол еркегiңмен.
Махаббат кеудемдегi көзiн жұмсын,

Толық

Сүймегендер жыры

  • 0
  • 0

«Тозақ отын тəңiрiм қайтармағай» –
Деп тiлеп ем,
түстiм бе қайта аңдамай?
Сүйегiңнен өтетiн сөз қиын-ау,

Толық

Қарап көріңіз