Өлең, жыр, ақындар

Бейтаныс қала

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 208
Бейтаныс қалада,
Сені аңсап езілем жан ана.
Үстімде көнетоз киімдер,
Қолымда ескірген чемодан.
Көшеде көп жалау ұрандар,
Жадымда жауапсыз сұраулар.
Тастанды баладай тағдыры,
Мен және бейшара сығандар.
Жапырақ жығылып жолыма,
Тағдырдың үзіліп оғынан.
Жыл құсы барады аттанып,
Көз алмай қараймын соңынан.
Ұшуға жетпейтін дәрмені,
Арманым бар менің.
Қоржыны тоналған міскіндей,
Мүсәпір хәлдемін.
Бейтаныс қалада,
Сені аңсап езілем, жан ана.
Көшеді көп бұлттар көсіліп,
Шіркін бір тама ма?!
Ащы бір өксікке қақалып,
атсам да үрейге маталып.
Мен сенен безбеймін,
Атажұрт, атажұрт, атажұрт!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Естелік сазы

  • 0
  • 0

Талып естілген музыка әуеніне арбалған,
Сені қара жол бойынан күткелі...
Уақыт аунады.
Биыл көктемде көк жүзі мұнартып,

Толық

Мың жылғы ұйқы

  • 0
  • 0

Мың жылғы ұйқыдан тұрып,
Уілге үн қосқан дала.
Жүрегін қасірет буып,
Маң басып келеді дана…

Толық

Ана

  • 0
  • 0

Ана!
Ағарған әр тал шашыңнан
өзімнің қайғымды көрем,
Жұрттан жасырып төгілген жасың –

Толық

Қарап көріңіз