Өлең, жыр, ақындар

ІІ — Домбыраның сәлемі

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 342
1. АЛМАТЫДАН
Алмалы Алматының қаласынан,
Алтын мен асыл кендер даласынан,
Астықты, малды, майлы, мақтасы мол
Алтай менен Каспийдің арасынан.
Астыма Турксибтей тұлпар мініп,
Алты күн күйшілермен ойнап, күліп,
Алыстан келдім аңсап, аңызыммен,
Алдыңда сәлем берем қол қусырып.
Арызбен емес, әнмен, күймен келдім,
Ауылдың ойынымен, бимен келдім.
Аңсаған бір мен емес, елдегі көп
Айтамын сәлемін сол миллионным,.

2. КЕРНЕГЕН КҮЙ
Кең, биік театрдың мынау үйін,
Кернейді нәзік тәтті менің күйім.
Кім десең сені олай сыңғыратқан?
Көсемім сенсің, күйім сенің күйін,!
Көрсең сен ескі ауылда егер мені,
Көмескі шығып дыбыс пернедегі,
Кемсеңдеп жылар еді екі шегім
Көмейді жеп жатыр деп іштен жегі.
Күзгі күн кепкен шөптей күйшім жүдеп,
Күйіктен ішті өртеген жанып жүрек
Күңіренген жандар солай, көсем сені,
Күн көрсетер күштім деп көрген тірек.

3. КҮТКЕН КҮН
Сен сонда Эльбрустан естіп зарды,
Саңқылдап ұшып қудың қасқырларды.
Суық қарды қызулы лебін, ерітіп,
Сырып түнді, атырдың алтын таңды.
Сұрсыз солған сорлының жазы жайнап,
Сауығып дене өсіп, қуат қайнап,
Солғын жүрек теңіздей тулап, шалқып,
Сауық қызды күрмелген көмей сайрап.
Сол көптің, көңілденген бірі менмін,
Сайрайын естісін деп әдей келдім.
Кремль, сағынып ем сені қатты,
Сәлемдесіп жүзіңді міне көрдім.

4. КЕЛЕШЕК
Кеудем менің күйлерге толған сандық,
Көрікті асылдарды күйде барлық,
Көп заманнан сақтап ол келе жатыр,
Кейінгіге өткеннен сый боларлық.
Көп сүйген күй жасамақ өлмей мәңгі,
Кейінгілер шығарған күй мен әнді.
Кеудеме жинап, кезіп аралаймын
Күткен алда, мыңдаған ғасырларды.

1936



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аракстың бойында

  • 0
  • 0

Араксты жағалап біз келеміз,
Бергі беті біздікі, ар жағы Иран.
Екі жаға гранит, бейне көк мұз,
Кей тұс қорған сияқты, қолдан құйған.

Толық

Волга-Дон

  • 0
  • 0

Орыс қызы Гретаға.
Екі өзен — Волга-Донға
Мәңгі берік салып қоныс
Арасында құба жонға

Толық

Берлин алынды

  • 1
  • 0

Көз жасын көлдей қылған талай елдің,
Сан жетпес жүректерге қайғы-шердің
Уын төккен,
Ордасы — жылан, шаян,—

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар