Өлең, жыр, ақындар

Екі жерде

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 235
Екі жерде біздер өмір сүріппіз,
Екі жерде екі тілді біліппіз.
Қызыл сызық бөлгенімен араны,
Бір ауамен тыныс алып жүріппіз.

Аласатып қара ертіске жол алған,
Тас тұмадан ішіп өстім. жоқ арман.
Ақ шабақтар саған кеткен екен ғой,
Су бетіне шоршып қайта жоғалған.

Орман ба деп ит тұмсығы өтпейтін,
Шегараға бала қиял жетпейтін.
Меннен гөрі батыл екен жылқылар,
Осқырынып солай қарай беттейтін.

Өтпесе де бергі бетке кемеміз,
Ата жұртты аңсап талып келеміз.
Болсақ тағы бір мекеннің перзенті,
Кездескенде тосырқаймыз неге біз?!

Алтайға ұқсап тым биіктен қарайсыз,
Елге аға болуға да жарайсыз.
Аққабаның суын ішіп бас жағын ,
Аман ба деп сұрамайсыз қалай сіз?!

Табиғатқа сәлем беру салтыңды,
Ұмытпағын сылтау айтып әр түрлі.
Аяғында жүзіп жүріп Ертістің,
Сұрамайсыз басы неге тартылды?!

Ары- бері көшіп қонған ауылдар,
Қақ бөлінді соққан кезде дауылдар….
Екі жер деп жүргеніміз бір ақ жер,
Арғы бетте қалып қойған қауым бар!….



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы емес

  • 0
  • 0

Тиегін сырдың ағытармын мен,
Қалжың мен ептеп қағытармын мен.
Көкірегің кілтін таппаспын бірақ,
Жүрегің сенің бос емес.

Толық

Қалай шығам

  • 0
  • 0

Қалай шығам ойлардың шеңгелінен,
Қалай шығам тұрмыстың шеңберінен.
Берген уәдем өзіме босқа кетті,
Қалмай қойдың ұмытқым келгенімен.

Толық

Күрең жапырақ

  • 0
  • 0

Түстікке қарай
Жөнеліп жатты құстар көп.
Жүрсеңші бірге!
Алдыңда аппақ қыс бар деп.

Толық

Қарап көріңіз