Өлең, жыр, ақындар

Жалғыз түйір жапырақ

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 337
Сені күткен секунттарым жатты өліп,
Әрбір сәтті отырушы ек қақ бөліп.
Жапырақтай діріл қаққан жанымды,
Қалғысам ғой алақанға сап беріп!

Қабылдар ем мұңның өзін ән күй деп,
Үнсіз қалсам өзімді-өзім сәл билеп.
Сен отырсаң шаруаң болмай менімен,
Жалғыз түйір жапырақты әлдилеп.

Менің жаным-жалғыз түйір жапырақ,
Жайқалатын сәуле түссе шашырап.
Шаршасаң да мұңайсаң да күлсең де,
Жүрсең болды жапырақты қасыңа ап.

Мен жайқалам.
Болсаң болды өзің тал,
Мейірім төк, тым нәзік қой көзің сал.
Төзем десе боранға да төзгенмен,
Домбыраның ішегіндей сезімтал.

Сезімім де, сенімім де, күшім де,
Сиып кеткен жапырақтай мүсінге.
Ал жүрегім алақанға тоқтамай,
Ұйықтап жатыр көкірегіңнің ішінде!

Жылы алақан…
Қандай ізгі жан едің.
Қолыңда тұр менің ғажап әлемім.
Жазық жолдан өп-өтірік сүрініп,
Салғым елер жас баланың әлегін.

Саған қарай күннен күнге құлшынып,
Ғажап болып көрінсе ғой тіршілік.
Бәйек бола қалғаныңды көрсем ғой,
Сылтау тауып өп-өтірік қырсығып.

Қатар шығып көрмесек те көк белге,
Жеткізер деп хат байладым кептерге.
Сезіне алмас меннен өзге еш пенде,
Тілек еттім:
Бұл шақтарды көп көрме!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтайға есек келген күн

  • 0
  • 0

Келді ауылға бір керуен киімдері шұбартқан,
Жаяу-жалпы шұбырынған он есекке жүк артқан.
Алыс жолдан арып келген ештеңе жоқ ойында,
Есектерін суарды әкеп Білезіктің бойында.

Толық

Мезгіл емес

  • 0
  • 0

Тұрғызды таң.
Тәтті ұйқымды тартып ап,
(Көкейімде өзің жайлы сан сұрақ)
Жапырақтар тереземе төнеді,

Толық

Құлайын деп ем

  • 0
  • 0

Сәулесін күннің сорып ап үнсіз,
Бауырындағысын күйдірген.
Тағдырым шығар сағыныш- құмға,
Табанымды аппақ тидірген.

Толық

Қарап көріңіз