Өлең, жыр, ақындар

Құлайын деп ем

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 224
Сәулесін күннің сорып ап үнсіз,
Бауырындағысын күйдірген.
Тағдырым шығар сағыныш- құмға,
Табанымды аппақ тидірген.

Жүріп келемін, шығам ба бір күн,
Сағыныш құмның шетіне.
Бүк түскен құмдар оянып түнде,
Жалынын шашқан бетіне.

Азабы құмның қинайды жанды,
Суретте ғана әдемі.
Тұрады екен елестен тағы,
Құмдардың ғажап әлемі.

Көрмейсің мұнда бұлақ бастауды,
Қаншама жандар шөлде өлген.
Құлаған жанды көміп тастауды,
Құм шебер әбден меңгерген.

Қар кешіп жүрмей бұл қандай сарсаң,
Дейсің бе құмда неңіз бар?
Сағыныш –құмды кешіп өте алсаң,
Ар жағында оның теңіз бар.

Ақ қардан жырақ, сусыған сезім,
Құм менен теңіз егіз бе?
Тұншығып қалсам сорымнан көрдім,
Құлайын деп ем теңізге!!…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ жайық

  • 0
  • 0

Ақ жайық, ерке жайық, арман жайық,
Қанаты ұшқан құстың талған жайық.
Қыз жібек айна етіп дидарына,
Шідерін ақ боз аттың алған жайық.

Толық

Уақыт - керуен

  • 0
  • 0

Аяулы бір жан көкжиек жақтан,
Құшағын маған жаятын.
Алыста бір тау ұмытпай мені,
Көз қырын салып қоятын.

Толық

Мұз үстіндегі ой

  • 0
  • 0

Беті жылтыр айнадайын теп-тегіс,
Жатыр өзен табанымның астында.
Қамықпа сен көктем келіп өтсе қыс,
Айланарсың бөгеу бермес тасқынға!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар