Өлең, жыр, ақындар

Күз

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 328
Күз.
Айналам сап-сары,
Сап-сары атырап.
Алдыма кеп құлайды,
Құйын қуған жапырақ.
Оларды кім шектейді,
Сағынышы – салқын үн...
Құлағымнан кетпейді,
Қайтқан құстың қаңқылы.
Еркіндікпен табысып,
Барады ұшып сетерлер.
Қанатына жабысып,
Бірге ұшып кетер ме ем.
Дала тәнін шымшылап,
Ұялайды үсік кеп.
Қиялымда қыңсылап,
Жұртта қалған күшіктер.
Үнсіз ғана мұңдасқан,
Беймаза бір тіршілік.
Күңіреніп күзгі аспан,
Күзгі өзен күрсініп...
Жүрегімді бөлшектеп,
Жанарымда мұң басым.
Сұрғылт тұман көрсетпей,
Сұры даланың сұлбасын.
Мың жапырақ – мың сұрақ,
Жерді құшар ұшып кеп.
Қиялымда қыңсылап
Жұртта қалған күшіктер...

2003 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мінәжат

  • 0
  • 0

…Үһілемеші бейуақта.
Әр сөз – әмір.
Ауыр.
Қорғасын!

Толық

Сапар - І

  • 0
  • 0

Арманыммен жүрсем де Ай мініп мен,
Тағдырымнан тамаша таңды күткем.
Шыққым келіп тұрады бір сапарға,
Сайланып ап сақадай сайгүлікпен.

Толық

Ең соңғы алау

  • 0
  • 0

Дарқан дала жамылып көлеңкені,
Кешкі шуақ шақырды жел еркені.
Қимастықпен қиылған қыз баладай,
Күн қия алмай барады кең өлкені.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар