Өлең, жыр, ақындар

Қарағай мен қайың

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 480
Бірге өсіп тұр қайың менен қарағай,
Жапырағынан сығалайды қарап ай.
Менсінбеген сыңайменен шалқайып,
Қарағайға қайың қыз тұр қарамай...
Ару қайың қарағайдан қашып тұр,
(Араларын табиғаты ашып тұр).
Тамырлары араласып жатқандай,
Табандары қара жерді басып бір.
Бірін-бірі алыстатпай тұр бағып,
Жапырақтары таңның шығын сырға ғып.
Қарағайға сабақтарын тигізбей,
Қайың төсі шайқалғандай бұлданып...
Егіз өмір сыр ұқтырды осындай,
(Қас қағым сәт көрінеді ғасырдай).
Іштей сыңсып іздегендей сыңарын
Әуелеген әуендері қосылмай.
Қос ағаштың қызық көріп тірлігін,
Ақ сәулесін құятындай нұрлы күн.
Осыншама жақын тұрып, тілдесіп,
Түсінбейтін сияқты олар бір-бірін...
Ағыта алмай сағыныш сыр сандығын,
Дарыта алмай ұшады құс ән-жырын.
Көрсеткен зор қарағайға қарсылық,
Қыз қайыңның аяп тұрмын тағдырын...
Көрші қонған қайың менен қарағай
Өскенменен бір-біріне қарамай,
Ұшар басын түйістіріп тұрғандай
Жапырақтары шуылдаған баладай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Операция столында

  • 0
  • 0

Столға келдім жай басып,
Жарама епті қол тиді.
Қуаныш, күдік алмасып,
Толқиды, жүрек толқиды.

Толық

Емеспін ақылды дана адам

  • 0
  • 0

Емеспін ақылды дана адам,
Жанымда жатталар жылдар мың.
Әуелде әлемге анадан,
Жарыққа таласып туғанмын.

Толық

Нәресте күлкісі

  • 0
  • 0

Жүзінде ойнап жылу атты күн күші,
Алаңсыз бір, айтшы, дүние,
Күлдің бе ей?!
Нәрестенің мына тұңғыш күлкісі,

Толық

Қарап көріңіз