Өлең, жыр, ақындар

Шерқанат - Күз

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 256
Жылауық күздің көзінен,
Бу болып билеп ұшамын.
Мазасын алды жанымның,
Қайтқан құс салған құсалы үн.
Тырнайды көктің кеудесін,
Тізіліп алып шер-қанат.
Шер-қанат жақта жүрек бар,
Жете алмай жүрген мен қалап.
Бітпейтін биік!
Сол жүрек,
жұлдыздарыңа соғылды.
Солайша тағы жердегі,
Тартылыс күшін сағынды.
Сары күз – Сары жұлдыз ғой,
Сағынып мені тамған дүр.
Саған да опа берер ме,
Уақыты жүйрік жалған бұл?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құса

  • 0
  • 0

Құс жолында қанат қақты қыз-құса,
Шемен көңіл жерде оны сезбеді.
Ғасыр солай кірпік қақпай ызғыса,
Шер балқыр ма көздегі?

Толық

Дегерес

  • 0
  • 0

Дегірейіп жатыр дейді сені жұрт,
Айтты дейсің нені ұғып?
Менің мият-мекенім,
Алатаудың жүрегі сен екенін,

Толық

Кемпірқосақ

  • 0
  • 0

Жұмыр жерге қарап қойып қуанып,
Өткіншінің мөлдірінен су алып,
Шөлдемеген қой-ешкісін суарып,
Сұлу кемпір жүреді

Толық

Қарап көріңіз