Өлең, жыр, ақындар

Емен

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 456
Қар мен желге қарсы бітіп алып тұр,
жалаң төсін найзағаймен жанып тұр.
Шекісіпті шеңгел болып тамырлар —
қара тасты бүріп қатып қалып тұр.
Мынау қартың еске салды жетімді:
арық қолдар — бұтақтары секілді.
Жапырағын сыпырып ап кекілді
табиғаттың мұқатқаны секілді.
Түбінде қарт бір үндейтін секілді,
сөйлеп кетсе сүрінбейтін секілді.
Уақыттың — келер күннің алдында
тізесі сәл дірілдейтін секілді.
Тамырында су ағатын секілді,
сол су бәрін жуа алатын секілді.
Қара тасты аспанға атып бөрік қып,
түбінде бір қуанатын секілді.
Емен — шындық (өзің жалған секілді),
қарт көңілге сезу де арман секілді.
Жапырағын — жел,
ұлын — майдан жоқ етіп —
еменге ептеп төзу қалған секілді.
Ей, қара шал!
Кірмек едім даң-дұң қуған топқа әлгі...
Сені көріп түсінгендей боп қалдым,
төзу де үлкен күрес пе екен деп қалдым,
өстіп мен де бір қабаққа тоқталдым...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күз

  • 0
  • 0

Сұп-суық күзгі леп,
Күзгі леп сүзгілеп
бұлтты бұлт тықсырды,
тықсырды, сұп-сұр ғып

Толық

Үзінді

  • 0
  • 0

Бұлақ ақса не тулап, не тебініп,
жаңғырығып ойсыз сай кетеді ұлып.
Батон-белдер сарғайып күн астында
ашып, пісіп келеді көтеріліп.

Толық

Кісі бола қалғаным жоқ мен демде...

  • 0
  • 0

Кісі бола қалғаным жоқ мен демде,
Өз ойымнан өзім талай айныдым.
Шын айтсаң да сын айтуға келгенде
Керек екен парасаттың байлығы.

Толық

Қарап көріңіз