Өлең, жыр, ақындар

Шақырасың, бастайсың қайда мені

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 244
Шақырасың, бастайсың қайда мені,
Қарай берем сен барда айға әдемі.
Ұмыт болған салады ойға нені
Түнгі қырдың торғындай майда лебі.
Көкірегімнен көз ашып тірі көктем,
Жасыл белді еске алдым жүріп өткен.
Жас қызға ұқсап қымсынып, жел қозғаған
Қурайдан да қорқамын қыбыр еткен.
Асқарымнан ақ қанат құлар таңым,
Ақ сезіммен ашылып, құмартамын.
Жолымызды жалғаған кешіктіріп
Мен ішімнен тағдырға кінә артамын.
Ашпады ма, ашты ма түн бағымды,
Шешпеді ме, шешті ме жұмбағыңды.
Балапандай қорқып бір сезбей қалдым,
Құшағыңда тығылып тұрғанымды...
Не істесем де көтердің ашуланбай,
Төбемізден жұлдыздар шашылғандай.
Ұлы аспанның астынан бір аспаным
Арманға ұқсап айқара ашылғандай.
Жұлдызды аспан, сүйенер өр тауым ба ең,
Тау боп тербер аңсаған ерке әнім бе ең?
Аспан болып ашылған құшағыңнан
Сыртқа қарай шығуға қорқамын мен...
Аспаныңнан аспан боп ашылармын,
Ашылармын, сәулеңе асығармын.
Қос жүректей қосылған қос жұлдызды
Жерге қарай келмейді шашып алғым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңілім қалған көп жаннан, көп сенбеймін

  • 0
  • 0

Көңілім қалған көп жаннан, көп сенбеймін,
Өзіңдегі өмірді көксердеймін.
Жер бетінен аспанға бу боп ұшып,
Жер бетіне су болып жетсем деймін.

Толық

Сыртта нең бар?

  • 0
  • 0

Сыртта нең бар?
Тұғырға қон, жүрегім,
(Елегзідің, несіне елжіредің?)
Күткендей боп біреуді әлсін-әлсін,

Толық

Қара жартас, қазыналы сандыққа тең

  • 0
  • 0

Қара жартас, қазыналы сандыққа тең,
Сандығына қарайды аңдып, “бөтен”.
Теңізде өткен өмірді елестетіп,
Ауық-ауық түс көріп қалғып кетем.

Толық

Қарап көріңіз