Өлең, жыр, ақындар

Жарық дүние-ай!

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 341
Жарық дүние-ай!
Кешір мені, қадіріңді білмесем,
Өмір бердің, тірлік бердің гүлге сен.
Аспандағы күнім болып алдымнан,
Бір ашылған есігімді ілме сен.
Өзіңнің арқаң, үзілмес үміт, тірлігім,
Аманат етем, ақ таңға арман жыр гүлін.
Өмір көтерген осынау ұлы жер ана,
Қараторғайдың ұясына ұқсап тұр бүгін...
Қабылдап қатал уақыттың небір сынағын,
Жарық дүние өшірмей жағып шырағын.
Көк жүзінде келе жатыр күн көктеп,
Мейірім күткен жеріме төгіп шуағын.
Шайқай ма, деп, түн тыныштығын ұйыған,
Сескенем түрлі зұлымдықтардан зымиян.
Өмір бәйтерек, бұтағында тұрған жер атты –
Кетпесе екен өртеніп менің ұлы ұям.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сезіміме сеуіп сәуле таң үміт

  • 0
  • 0

Сезіміме сеуіп сәуле таң үміт,
Жарық аспан жасырады арлы айды.
Келмедің ғой... күтуден көп жалығып,
Жасыл тауым сағынышпен сарғайды.

Толық

Сайра, сайра, сайрашы, сандуғашым

  • 0
  • 0

Сайра, сайра, сайрашы, сандуғашым,
Дауысыңа қосылып таң жырласын.
Жаймашуақ болмаса, бағың жайлы,
Табылмайды... артпашы тағдырға сын.

Толық

Жақсылықты, жаман-ау, күту, арып

  • 0
  • 0

Жақсылықты, жаман-ау, күту, арып,
Жан-жүйкеңді уақыт түтіп, анық.
Менің көзім түк көрмес, жер секілді,
Бәрін-бәрін жатса да жұтып алып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар