Өлең, жыр, ақындар

Өтпелі, бір сәтпен дос, өлшемегін

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 211
Өтпелі, бір сәтпен дос, өлшемегін,
Жүрекке жолаушыдай жол шегемін.
Адамның ақшасы емес, ақылына
Апаннан ап шығардай мен сенемін.
Сенгенге, сезіктенбей мен сенемін,
Айныман, сол мінезден келсе де өлім.
Ақша емес, ақылымды сәл азайтсам,
Қурайдай желді күнгі теңселемін.
Өтпелі өтіп жатыр өмір ағын,
Көңілдің іліп-тартып қоңырауын.
Білсең дос, алтын-күміс сыңғыры емес,
Бұлақтың сылдырына шомыламын.
Жарығын түсіргендей жолыма күн,
Сәулеге жүрген сайын жолығамын.
Әлдилеп жан жүректі тербетеді,
Баяғы қоңыр тірлік, қоңыр әнім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойға батып... батпадың тек, күнәға

  • 0
  • 0

Ойға батып... батпадың тек, күнәға,
Көк аспандай көңілде кек тұра ма?
Адамдағы мейірім жер бетінен –
Бірге көшіп өзіңмен кетті ме, аға?

Толық

Бұлақтағы бесік

  • 0
  • 0

Су бетінде шайқалып, бесік ағып келеді,
Іңгәлаған өмірді есіне алып келеді.
Толқындарды бөбектей күн сәулесі емізіп,
Көлеңкесі бұлттардың басыма ауып келеді.

Толық

Кереңдік

  • 0
  • 0

Естуімше ел оны «есті» дейді,
Ескермеген, есірік, еш дүлейді.
Сыбырлағын, мейлің сен, айқайлағын,
Құлағы оның ештеңе естімейді...

Толық

Қарап көріңіз