Өлең, жыр, ақындар

Қанатын жайып қиялап ұшқан жас қиял

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 272
Қанатын жайып қиялап ұшқан жас қиял,
О дағы бір аңсаған тоят аш қыран.
Қанталап көзі, тінтеді жерді биіктен,
Тінтеді жерді, тұманды бауыр астынан.
Топшысын оның бекіткен бастан жел жанып,
Аспанға шырқап, ауаны тілсе қақ жарып.
Мерт болып жолда кетсе де кері қайтпайды,
Тірлігін қайтсін, төмендегінің олжа ғып...
Кеудесін өртеп, сабырын сарқып асау қан,
Қаңғырар мәңгі мекенсіз жаққа басы ауған.
Аңсайды дауыл, дауылда туған қырандар,
О дағы бір тағдыры талас, жас арман.
Қиялдан ғана туғызып жаңа бастар күн,
Арнадан асқан толқынның бәрін жасқар кім?
Дауыс сап қыран, шамырқанып, шарқ ұрар
Қожасы құсап шыңдар мен биік асқардың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрек – бұлбұл болғанда, халқым – орман

  • 0
  • 0

Жүрек – бұлбұл болғанда, халқым – орман,
Шам жағады жолыма жарқын арман.
Ұшып-қонып сайраймын бұтағында,
Айтар әнін мен емес сарқып алған.

Толық

Жандым, өштім, өртке айналдым, сезбедің

  • 0
  • 0

Жандым, өштім, өртке айналдым, сезбедің,
Арашалап ала алмадың, төзбедің.
Мен өзіңді теңер болсам семсерге,
Жарқылдадың қолдарында өзгенің.

Толық

Күлімдеген Күн үнсіз

  • 0
  • 0

Күлімдеген Күн үнсіз,
Дірілдеген Ай үнсіз.
Не боламын тілімсіз,
Тілсіз өмір қайырсыз.

Толық

Қарап көріңіз