Өлең, жыр, ақындар

Уайымдаймыз несіне?!

Уайымдаймыз несіне?! Түңілеміз,
Шешім іздеп сан - саққа жүгінеміз.
Пешенеңе қашалған тағдырыңның,
Тұз дәміне бұйырған бүгілеміз.

Уайымдаймыз несіне?! Сыналғанбыз.
Мың шашылып, қайтадан құралғанбыз.
Бәріміз де білместің суын ішіп,
Сан кешірім сұрадық құдайдан біз.

Өзгермейді адамдар, түрленбейді.
Біреулердің арлары кірленбейді.
Уайымдаудың қажеті бар ма сірә?
Қасиетсіз - ақылға именбейді.

Жылатады кейде өмір құлатады,
"Нәпсі құдық" толмайды, сұратады.
Сүйгеніңнің артында - сүймесіңді,
Сүйдіретін кездері - сұлатады.

#жүректегіжазбалар_АлтынайАлиева
#жүректегіжазбалар
07.08.21ж



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жарыма

  • 0
  • 0

Бақытым, барым басұрған,
Сүйдірген жарым жасымнан.
Жылдарым жылжып өтсе де,
Сезімім сөнбей тасынған.

Толық

Өмір көшесі

  • 0
  • 0

Көшесімен өмірдің жүріп келем,
Ыстығына шарпылған "күйік" денем.
Желдерінен жаураған жүрегіме,
Жақсылықты жылытып жиып келем.

Толық

Арды ойла

  • 0
  • 0

Сенемін саған жарық күн,
Бақытқа лайық ғаріппін.
Жүрегім соғып тұрғанда,
Түндігін тілсем тамұқтың.

Толық

Қарап көріңіз