Өлең, жыр, ақындар

Анаға хат

  • 28.11.2015
  • 0
  • 3
  • 13741
Менің мына хатымды алыпты анам:
«Кезім бар жүрегімді жан ұқпаған,
Достарым да алдаған кезден бері
адамдарға сенуден қалып барам.
Ақ көңілім үшін де күйем енді,
Аңқаулығым шекеме тие берді,
ешкім менің басымды әкем өліп,
Еңіреген кезде де сүйемеді.
Өз бетіммен жол тауып келем енді.
Менің мына хатымды алыпты анам:
«Кезім бар жүрегімді жан ұқпаған,
Достарым да алдаған кезден бері
адамдарға сенуден қалып барам.
Ақ көңілім үшін де күйем енді,
Аңқаулығым шекеме тие берді,
ешкім менің басымды әкем өліп,
Еңіреген кезде де сүйемеді.
Өз бетіммен жол тауып келем енді.
Қарапайым болсам да елемеді,
Адамдарға қашанғы жаям құшақ
Сүрінгенде ешбірі демемеді.
Жалғыз саған жазамын сырымды, ана
Сен ғана жақын едің бұрында да.
Адамдар емес мені сүйеп жүрген
Құлатпай келе жатқан жырым ғана».
Сырласуға қол тимей бара алмағам,
Жауап күтіп сол хатқа алаңдағам.
Немересін қасына отырғызып
Хат жаздырып салыпты анам маған.
Былай депті қолымен немеренің:
«Мен саған жалғас өмір неге бердім?
Құлыным, жақсылықтың нышаны емес,
Жаманның жамандығын елегенің.
Білмеп ем мұнша жаның күйрек пе еді,
Адал дос, рас, қызым, сирек тегі,
Басыңды сүйемеуі адамдардың
Өзің мықты болуға үйреткені.
Тегіс жолдан тұрмайды өмір деген,
Адамға ең керегі сенім дер ем.
Бар адамға, қарағым, баға берме,
Бір ақымақ қалдырған көңілменен.
Түн қарасы қашады таң атқанда,
Ақ пейіл де ұқсас ақ парақтарға.
Ешуақытта өзгені орға жығып,
Өзім көш бастаймын деп талаптанба.
Жүрегіңді ұқпаған кейін ұғар,
Өзіңнің ниетіңе сыйынып ал.
Күндеме өзгелерді, кінәлама
Әркімнің лайықты биігі бар.
Өмір ғой кездесесің наданға да,
Жақсыны ауыстырма жамандарға.
Сен маған жазба, қызым, бұдан былай
Сенбеймін деген сөзді адамдарға.
Дос болмайды алдыңда күліп түрған,
Қаталдау көзқараста үміт тұнған.
Алдымен адамдарға қарыздарсың,
Солар саған жыр жазар сыр ұқтырған».
Мен содан қайта күліп, шырқадым ән,
Қаламды қайта ұстадым жыр сағынған.
Немереге жаздырған мынау жазу
Ұялтқандай ертеңгі ұрпағымнан.



Пікірлер (3)

Ақұштап Бақтыгереева

Менің атымның өзі осы ақ жайықтың ару қызы Ақұштап апайдың құрметіне қойылған.Мен бұл есімге кір келтірмеуге барынша тырысамын. Мен Ақұштап апайдың өлеңдерін сүйіп оқыимын.Менің атымды әкем қойған.Әкем кітапты көп оқыиды. Мен сізді көретін күнді асыға күтемін.
Маған сіздің өлеңдеріңіз қатты ұнады. Тәрбиелік мәні зор.

Ақұштап Бақтыгереева

Маған Ақұштап апайдың өлеңдері ұнады. Тәрбиелік мәні зор.

Айзада

Өлең - ақын өмірінің негізі, ойының өрнегі. Әр қаламгердің өз әлемі бар. Ақұштап қаламынан туған әр туынды оның сырлы әлемінің айғағы сынды. Оқырманын табындыра, тарта біледі...

Пікір қалдырыңыз

Анау көрші сөз ұқпас қиқар адам

  • 0
  • 1

Анау көрші сөз ұқпас қиқар адам,
Шаруа баққан, өзінше үй қараған.
Мандайына біткені - бір машина,
Мүлкі болды ерте-кеш сипалаған.

Толық

Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым

  • 0
  • 0

Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым,
Сен десе жыр жолы боп құйыламын.
Әзірше жыл өткізбей келіп тұрам,
Кім білсін неше келу бұйырарын.

Толық

Ақ айдын айырбас боп тас қалаға

  • 0
  • 0

Ақ айдын айырбас боп тас қалаға,
Тұрсам да жанға жайлы баспанада.
Парлатып көздің жасын Жайыққа ұшқан
Мен, апа, секілдімін ақ шағала.

Толық

Қарап көріңіз