Өлең, жыр, ақындар

Аула ішінде аппақ гүл көміп есік

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 429
Аула ішінде аппақ гүл көміп есік,
Жұлдыздарым жанады өліп-өшіп.
Өң мен түстің ішінде талықсыдым,
Өлең түсті қызғалдақ өмір кешіп.
Көлеңкеден күнгейдің жырын іздеп,
Тоғысады тау жақтан қырық із кеп.
Көк майсаның үстіне құлап едім,
Көктем келіп оятты тұрыңыз деп.
Қайда барып мен енді тұрақ табам,
Ғұмыр шіркін тұрады бір аптадан.
Қызғалдақтар жайнады ойда жоқта,
Қып-қызыл күн секілді қыр аттаған.
Көз жасымды құрғатты көктем ішіп,
Жарысуға гүлдегі жетпеді шық.
Адаспастан, дариға, тапты мені
Тырналардың дауысы жеткен ұшып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаратқанның тілегін тәңір берді

  • 0
  • 0

Жаратқанның тілегін тәңір берді,
Махаббатқа малынып мамыр келді.
Құстар біткен көшірді әуеніне
Әлемдегі әдемі әмірлерді.

Толық

Дөңгеленіп алдымда тұршы, ғалам

  • 0
  • 0

Дөңгеленіп алдымда тұршы, ғалам,
Жарық сәуле, сүйеу боп жүрші маған.
Шаттығымды, қайғымды тілмен айтып,
Қандай бақыт, күле алам, күрсіне алам.

Толық

Тыңдағаны арзан ән

  • 0
  • 0

Тыңдағаны арзан ән,
Талықсыған тар заман.
Жүрген кезде жағалап,
Құлататын жар жаман.

Толық

Қарап көріңіз