Өлең, жыр, ақындар

Жаратқанның тілегін тәңір берді

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 324
Жаратқанның тілегін тәңір берді,
Махаббатқа малынып мамыр келді.
Құстар біткен көшірді әуеніне
Әлемдегі әдемі әмірлерді.
Ара сызық айырып ақ-қараны,
Жапырақ боп шулады бақтар әні.
Аршылмаған ағыстың арасымен
Айнабұлақ арманын ақтарады.
Армандарын ақтарды Айнабұлақ,
Жайдарман күн астында жайнады бақ.
Шалқар көлдің жағаны шайғаны ұнап,
Алқаптардың айқара аймағы ұнап.
Көкіректің түймесін күн басқанда,
Мөлтілдейді мөлдір мұң түнгі аспанда.
Жанның әні шырылдап мың дауыспен,
Жымдасқанда немесе ымдасқанда.
Арманының арнасын ақтара алған,
Алақанын соғады бақтар алдан.
Мамырлаған күтемін мамыр айын
Мамықтарын ұшырған Мақтаралдан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоштасайын өзіңмен күліп тұрып

  • 0
  • 0

Қоштасайын өзіңмен күліп тұрып,
Жанарымнан бір тұнық сыр ұқтырып.
Өкпелеймін несіне, бәлкім сені
Өзге бір жан жіберер ұмыттырып.

Толық

Қалың ой түсіп қамығып қалған күзгі орман

  • 0
  • 0

Қалың ой түсіп қамығып қаШәмшия Жұбатовалған күзгі орман,
Тал бойы түгел тоңазып тұрған ізгі арман.
Алдымда менің тап-таныс дидар жалт етіп,
Танытып салқын шырайын, бөгде күз қалған.

Толық

Тойымсыздық жайлаған қапыл уақыт

  • 0
  • 0

Тойымсыздық жайлаған қапыл уақыт,
Құмға батып, қайырлап жатыр бақыт.
Көктем күні күлімдеп тұрады да,
Кенет бұршақ төгеді сатырлатып.

Толық

Қарап көріңіз