Өлең, жыр, ақындар

Сіз кеткенін айта алмастан ешкімге

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 516
Сіз кеткенін айта алмастан ешкімге,
Өксік үні араласып кешкі үнге...
Сәуір, мамыр... естен танған кескінде,
Ақша бұлттың ауылына көштің бе?
Желкеніңді желге түзеп ақтың ба,
Қапылыста қанатыңды қақтың ба?
Аспан жақтан тағы бір ән жолдадым,
Ақ бұлттарға шалқалап бір жаттым да.
Ағады өмір ұйықтап жатқан тамырмен,
Сәуір ме едің, бітпей қалған мамыр ма ең?
Сізге Алланың аппақ жолын тіледім
Қолдарымды жайып тұрып тәңірден.
Жылағам жоқ, жүрек қана жылады,
Кең даланың тұншыққандай бұлағы.
Сол жағымда мөлдір бұлақ тұнады,
Оң жағымда қар тасқыны құлады.
Кетті сәуір, қалды мамыр, балқыды,
Толған айдың талықсыды бал түні.
Өмір тағы жалғасады деп айтты
Құрдымдағы құралайдың салқыны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеудемнен сызылып бір ән шығарда

  • 0
  • 0

Кеудемнен сызылып бір ән шығарда,
Тамшылар қосылады тамшыларға,
Билейді аппақ қайың шаршыларда.
Қолымды көлегейлеп көп қараймын

Толық

Зәулім сарайлар, патша көңілдер құралып

  • 0
  • 0

Зәулім сарайлар, патша көңілдер құралып,
Теңіздей лықсып, айналтып басты тұр анық.
Дауылдай көлбеп, ауылдай тербеп, әндетіп,
Келеді басқа данышпан ойлар бір алып.

Толық

Дүрсілін жүрегімнің есітемісің

  • 0
  • 0

Дүрсілін жүрегімнің есітемісің,
Жанымның ғажап күйді кешкені шын,
Сен мынау көк аспанға алғысыңды айт
Алқынып ақша бұлты көшкені үшін.

Толық

Қарап көріңіз