Өлең, жыр, ақындар

Толқыны асау толқыған өр өзен ем

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 406
Толқыны асау толқыған өр өзен ем,
Сусын бастым кепкенде кенеземен.
Қара талы жылаған қараша боп,
Жылдар өтіп барады терезеден.
Жаңбыр жауса, жылдардың жылағаны,
Жүрегінен тамшы боп мұң ағады.
Күз өтеді, жадырап жаз келеді,
Сылдыр-сылдыр естіліп бұлақ әні.
Сағат тілі мезгілді бағалауда,
Күндер қалып кеткенде жағалауда.
Ақ кемелер жол тартты, қол бұлғады,
Сағымдардың сәулесін сағалауға.
Жылт еткенде көремін жылды іргеден,
Бітпей жатқан ісім көп, үлгірмеген.
Балалық шақ түсімде оралады
Қоңыраудың даусындай күмбірменен.
Қайран менің таңдарым арайлаған,
Көре алмадым бейнеңді шарайнадан.
Қаратаудың басында қап-қара боп
Қара түндер қалғыды қарайлаған.
Толқындармен жүзеді бірге кемем,
Тоқтағаны, жылжумен жүргені өлең.
Арық бойлап сылдырап ай астында
Өмір ағып барады іргеменен.
Жоқ іздеген жылдарым өксімеді,
Дыбыстары жайдары естіледі.
Сосын маған бұрылды күліп қарап,
Білем, олар түсінді, кешті мені.
Қара таудың басында қап-қара боп,
Қараңғы түн сыр айтты ақтара кеп.
Ақ қағазға айтқанын жазар едім,
Айқайлады аппақ таң тоқтама деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағы ештеңе бітіріп үлгермедім

  • 0
  • 0

Тағы ештеңе бітіріп үлгермедім,
Тырна қылып ұзатам күндер легін.
Қап-қара боп көздері, кірпік қақпай,
Терезелер айтады түн келгенін.

Толық

Желбіреп ұшқанда айларым

  • 0
  • 0

Желбіреп ұшқанда айларым,
Күндерге қауырсын байладым.
Бір әуен тербетіп барады
Сүйікті туған жер аймағын.

Толық

Менің жаным ән тұнған, бұлақ тұнған

  • 0
  • 0

Менің жаным ән тұнған, бұлақ тұнған,
Көкірегін ояттты бұлап құмнан.
Алқымына симаған ару шабыт
Бозбаланың қолынан гүл ап тынған.

Толық

Қарап көріңіз