Өлең, жыр, ақындар

Фаризаға

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 528
Фариза, Фариза апа, Фариза апа.
Өлеңнің отын жақтың әр үйге, апа.
Мұқағали, Төлеген сыймай кеткен,
Қалай сыйып жүрсіз бұл фәниге, апа?
Соны ойласам көңілім қырық жамау,
Бір суық ой жанымды қариды, апа.
Мен сіңлің арманым бір, әнім бір-ау,
Сыймаған, сия алмаған қалыбына-ау.
Көміп жүр ғой мені де осы күні
Өзің туған қаланың шаңы мынау.
Табаным шеңгел жұлып жүз қанады,
Теңіз жүрек осылай тұзданады.
Қарғалар таудың бетін жауып-ашып,
Қыраннан кеңістігін қызғанады.
Қорғадың мені талай, бұлбұл ана,
Қорғансыз балапан деп, тұр, жылама!
Жанымды азаптарым тұншықтырып,
Тамшыға мөлдіреген кірпік тұнып.
Кей кезде жүдей қалсам, жабырқап бір
Кетесің қайрап өзің ұрсып тұрып.
Фариза, Фариза апа, асыл апа,
Жаныңнан бұрқырай от шашырата,
Ботадай көз жасынан жыр жасаған,
Мені де ертіп алшы қасыңа, апа!

Алматы.1994 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қанатым қан-жоса боп

  • 0
  • 0

Теңіздің толқыны ма ем,
Ей, көк жақ, төркінім ең!
Саған сөйледім, хал тілімен,
Қанатым қан-жоса боп, ұшып келем!

Толық

Ол – сондай күй

  • 0
  • 0

Рухтың жайын ол айтар – егілесің ал келіп
Жаның толқып жатады, ел түсінбес халге еніп.
Мұң шанақтан шығады үкі таққан – сәнденіп
Ол – сондай күй

Толық

Ақын Фариза

  • 0
  • 0

Бір аунап, түстің-ау, бүгін, қуаныштан,
Халқың келді, кешіңе, құрақ ұшқан.
Жаным көкке самғайды, сен секілді,
Көңілі қап, дүниеге – мына мыстан!

Толық

Қарап көріңіз