Өлең, жыр, ақындар

Акация

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 363
Акация!
Бақша-баумен
Eндi ici жоқ аппақ томар!
Саған ұқсап бақсам-ау мен
Өрлеп барып... Тоқтап тынар...
Сүйіп жастық ережесін
Бой жеткенсің ізетпен шын;
Лермонтовтың терезесін
Көз алдында күзеткенсің.
Асқақ жырдың тәңірге
Сыйладың сен күнде бip гүл.
Бұтағыңнан таң біліне
Сайрап берді кімге бұлбұл?!
Білем, ақын жанын қанша
Тартты өзіне көлеңкең де...
Ақын топырақ жамылғанша
Нажағайдан өлең кем бе? —
Бұрқанды бip отты толқын
Yңгip тасты ашып кipiп.
Әттең... оның алды сол түн
Аз өмipiн асықтырып.
Жетім ажал жетті өзекке,
Дауыс eттi жел де қатты ,—
Зұлымдықпен жекпе-жекте
Ақын құлап жерде жатты.
Көктің нөсер көз жасынан
Жастық шақта бүгілгенсің,
Сарғайғансың күз басынан,
Қара жерге төгілгенсің.
Құстарың да тітіркеніп
Шулап асты жылы жаққа;
Машук тауы бу бүркеніп,
Тұнжырады жыл ұзаққа.
Содан бepi ғасыр өттi,
Әлі жалғыз күзеттесің.
Көтердің мол қacipeттi,
Саған көктем, күз өкпесіз.
Шыққан сайын күн жадырап
Көкке қарай тiк өстің сен.
Мезгілдерге гүл, жапырақ —
Бәpiн сыйлап түгестің сен...
Сонда дағы бұрынғыша
Биік тұрсың жер үстінде.
Білдің күннің нұрын құша,
Айғағысың жеңістің де.
Акация! Бақша-баумен
Енді ici жоқ аппақ томар!
Саған құсап бақсам-ау мен
Арман сертін ақтап тынар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әбурайхан әл Берунидің атына

  • 0
  • 0

У а, Беруни! Мың жыл бұрын өлсең де,
Өлген күнің туған күнге өлшем бе;
Туған күнгі ел атаған eciмiң
Әлі тipi, әлі күнге ол — сенде.

Толық

Қызғанамын

  • 0
  • 0

Үлкен ақын рухына бағышталған
Сол жиыннан адам аз қағыс қалған.
Үлкен өзен жатқандай жағалауға
Салындыны атқылап ағыстардан.

Толық

Ағайға

  • 0
  • 0

Аға бар деп атасынан именген
Мен басында саған сеніп үйге енгем...
Марқаюды, махаббаттың зар-мұңын,
Құдіретін де өз басыңнан үйренгем.

Толық

Қарап көріңіз