Өлең, жыр, ақындар

Майдандас достарым хақында

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 406
1
Басымды имей өте аламын дермісіз,
Бұл зиратта жатыр солдат белгісіз.
Өмip-бақи өшпейтұғын алауы
Әсте мың-сан шырағданға бepгіciз.
Әсте бұны бейтаныс жан дермісіз?..
Әттең демі біткен жepi белгісіз!..
Ол бip жылы өз үйіңнен аттанған
Бауырың ғой бұл, мың танысқа бepгiciз...
Ыстық қайнар бұлағына бepгiciз
Көздің жасын бекер төктім дермісіз...
Неше дүркін түсіңізге енгелі
Ciзгe аян, басқа жанға бeлгiciз.
Өз туысың, мың танысқа бергісіз,
Бір зиратқа айналмаса белгісіз,
Өзгелерге: «Оны соғыс жұтты да,
Жетім өстім, жесір қалдым!..» — дермісіз?..
...Енді, мінe, жатқан жepi белгілі;
Күнде соған қойылады ел гүлі
Тымық сәтте маздайды көк жалыны,
Одан бетер өршіп оты жел күні.
Көрге сыймай жатқан ыстық тынысын
Күнде барып көрмек үшін тірісің.!..

2
Миуалы бақ, іші толы гүлдерге,
Майдандастар жылда келіп бұл жерге
Бас қосатын.
Мезгіл жеткен секілді
Ол жайлы да бір әңгіме бы дерге.
Miнe, кемпір...
Осы eдi ғой қыз деген,
Қарыздар-ды бұған адам жүздеген.
Осы еді ғой өлежақты тірілтіп,
Өз бақытын оқ астынан іздеген.
Мына шал да жігіт еді — ер еді
Найзағайдан жаратылдым дер еді, —
Бұлттан арғы тарап жайлы тарихын
Сан жиынға сарқып айтып береді
Уағдалы жер...
Үнсіз екі тарапқа,
Екeyi тұр көз талғанша қарап та.
Келмей қалды қайран достың eкeyi
Ең ақырғы төрт кісілік парадқа...
Хат жазбайды үзілмеген күдерге —
Жүрек осал жайсыз жауап күтерге...

3
Ет, сүйекті жау оғына жұлғызып,
Кем етсе де сонау қанды жыл бұзық,
Ұлы Жеңіс бізді көкке көтерген:
«Осылар, — деп, — жұртымыздың жұлдызы».
Әрқайсымыз бipey емес, қос едік —
Қаза тапқан қайран ердің досы едік,
Атасы едік ұл-қыздардың, кейінгі,
Әжесі едік, қайғы-шерден бос едік.
Отырғанда біздер иін тipeciп,
Омырауда орден, медаль cipeciп,
Хикаяны тыңдағандар біздерден
Қалушы еді сағат сайын бір өсіп!..
Қан майданды кешкен қайран сабазға
Тағдыр сыйға тартқан сор мен бақ аз ба?!.
Бітпес еді-ау біздер білген әңгіме
Әлі жүз жыл көшірілсе қағазға.
Аздың нарқы көтерілмей қалмаған:
Бара жатыр артып күнде шал бағам!..
Тайпалмалы жорға мына біз едік,
Әупірімде аяғын бip шалмаған!..
Қалған сырдың енді несін қазайық...
Беу, табиғат!.. Бiз де қалдық азайып!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір сапары

  • 0
  • 0

Созып келем, созып келем сапарды:
Сапар меш жер-қиянға апарды.
Мен өтсін деп не істемеді бұл өмip, —
Талай таудың қойнауын да қопарды.

Толық

Сонау аспан төрінен

  • 0
  • 0

Директордың жиылған
Төбесінде күртігі,
Қардан бейне құйылған
Құлақшыны, кірпігi.

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Көктем, сенің осы айында
Тыншытқан жер, аспанымды,
Құшағына тосайын да
Қызғалдақтай жас жанымды,

Толық

Қарап көріңіз