Өлең, жыр, ақындар

Мәриям Хакімжанова айтқан бір сыр

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 465
I
— Адамға арман бақ па екен?
Атақ, дәулет ат па екен?..
Бәрінен артық нан-тұздай,
Тіршілік дәмі тәтті екен,—
деп ақын айтып ойын да,
Өрбітіп әрі жалғады,
Сексен жылдық тойында,
Жамбыл жайын толғады.
— Ажалың шапқан қапталда,
Тірліктен асқан бақ бар ма?
Тоқсан тоғыз жасынан,
Алты ай асып жатқанда.
Ажал сұмнан айбынып,
Қайтпас беттен қаймығып,
Жамбыл ақын тілінен,
Жатқан еді айырылып.
Аласұрып сұрапыл:
— Ажал ит-ай, тұра тұр,
Қазақбайды шақыр,— деп
Тілге келді ұлы ақын...

II
Іздегені табылды,
Бұл бір ғажап болды өзге,
Қазақбайы — Қазақбаев1 кәдімгі,
Төрағасы болатұғын сол кезде
Жалықпай дәм татар ек,
Не дерсің бұл тағдырға.
Әбдісәмет:— Тәтелеп,—
Жетіп барды Жамбылға.
Төрағасы әбігер,
— Не дейсіз, Тәте?— деген-ді.
— Бір дем алар дәрі бер!—
Деді де ақын жөнелді.
Жүзге жетпей жүрегі,
Аласұрды әбігер,
— Бір дем алар дәрі бер!—
Ең соңғы осы тілегі.
Дәм татсам деп және бір,
Үміт артқан тағдырға,
Қимаған ғой сені, Өмір,
Жүзге жеткен Жамбыл да!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оралмас студенттік балшақтарым

  • 0
  • 0

Оралмас студенттік балшақтарым,
Отырам-ау мен ертең аңсап бәрін.
Көрсем де қуаныштың шұғыласын.
Білмедім көзімнен жас қанша аққанын.

Толық

Болашаққа хат

  • 0
  • 0

Болашақ! О, Болашақ! Сен қандайсың?
Жұлдыз болып алыста жанғандайсың.
Шомылып сәулең Сырдың толқынына,
Аралдың айдынына тамғандайсың.

Толық

Жазылыпты жартасқа сонау мұнар

  • 0
  • 0

Жазылыпты жартасқа сонау мұнар:
«Осы өзендей болыңдар, жолаушылар!»
Оқыпты сан жолаушы көзін сүзіп,
Кетіпті әр жолаушы өзінше ұғып.

Толық

Қарап көріңіз