Өлең, жыр, ақындар

Жаз өтіп бара жатыр қайда асығып

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 716
Жаз өтіп бара жатыр қайда асығып,
Қайтеді баяғыдай жайнаса үміт,
Көктемге бір сәт болсын қайта оралса,
Аспанға тастар ма еді айды асырып.
Айлы түн талай бізге жақты шырақ,
Мөлдіреп көз алдымда ақты бұлақ,
Еркелеп дүниеге шалқалап бір,
Таулардан тау өзені жатты құлап.
Құласаң қай жақта да жасыл шалғын,
Жанбасын демеп қолдап асылдардың,
Өмірде қайталанбас ғұмыр кешіп,
Жүресің ортасында ғасырлардың.
Бір ғасыр – бір күнің де сүйіп өткен,
Не ғажап бұл бір сезім биік еткен.
Өртеніп ғашықтықтан жұлдыздар да,
Сезім боп ағып жатыр жиі көктен.
Көкте жүр – көңілдердің көбі аспанда,
Көктемнен – жаз шағында жол асқанда.
Толғанып, тебіреніп тасып аққан
Кеудеңнен өзен дария толастар ма?!
Өтеді не бір дәурен жас шағында,
Айналып аққу ұшқан аспанында.
Көзді ашып, жұмғаныңша аялдамай
Жаз өтіп бара жатыр, қасқағымда...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақ тілі қаһарманы

  • 0
  • 0

Айналасы ғалымдарға толы адам,
Жан-жүрегін әзіл-күлкі ораған,
САРЫБАЙЛАР әулетінде ұлы той,
Мерейтойын тойлап жатыр ШОРА ағам!

Толық

Құла айғыр

  • 0
  • 0

Бақ сыйлап маған Құдай бір,
Алай бір шаптым, былай бір.
Мінгенім менің асау ой,
Сымбаты сұлу құла айғыр!

Толық

Сезіндірген білімсіздік бекерін

  • 0
  • 0

Сезіндірген білімсіздік бекерін,
Сезіндірген білімнің екенін,
Қазақ ұлттық университетім
Алтын ұям, асыл менің мекенім.

Толық

Қарап көріңіз