Өлең, жыр, ақындар

Испан қызы

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 602
Испан қызы биле-биле, биле сен,
Биді сондай билер ме едің сүймесең,
Биді сондай билер ме едің өрт болып,
Махаббатты отына сен күймесең,
Испан қызы биле-биле, биле сен.
Испан қызы биле-биле,
Биле, биле, биіңмен!
Биле, биле, құдіретті биіңмен!
Сүйінгендер сені сүйіп,
Сені сүйіп сүйінген.
Күйінгендер сені сүйіп,
Сені сүйіп күйінген.
Испан қызы құйындайсың,
Құйындайсың үйірген.
Испан қыз күлкіңменен баура сен,
Жүрегімді – жүрегіңмен жаула сен,
Жердің орта теңізіндей аймалап,
Махаббатың ақ құмына ауна сен.
Жүрегімді өртей берме, өртеме,
Сені көрсе, елеңдейді ел неге,
Испан қызы биіменен баураса,
Испан қызы қылығыңмен еркеле.
Сондай әсем сүйікті едің сен неге,
Испан қызы биле-биле, еркеле!...

10 маусым 2014 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жақсымен, жайсаңдармен жарастырған

  • 0
  • 0

Жақсымен, жайсаңдармен жарастырған
Тура жол, ал бір кейде адастырған.
Құс ұшып көгімізден, көктем келіп,
Іздерім шыға келді қар астынан.

Толық

Әкеммен қоштасу

  • 0
  • 0

Алқа-қотан отырмыз дөңгеленіп,
Арыстай әкем жатқан төрге келіп.
Бейнетпен көз ашса да дәл осылай,
Өмірде шаршағанын көрмеп едік.

Толық

Ақын достар

  • 0
  • 0

Адалдық, ар-ожданға үлгісіңдер,
Ғажайып, ұқсамайтын түрлісіңдер.
Сендерді сағынамын ақын достар
Шартарап ой ізінде жүрмісіңдер?!

Толық

Қарап көріңіз