Өлең, жыр, ақындар

Достарға

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 610
Тумыстан албырт жан ем мен,
Достарға жүрем жақын тым.
Шарап та кейде алам мен,
Озсын деп жылдам уақытым.
Құмартпан биік даңққа,
Махаббат қана арманым.
Лираның нәзік, анық та
Саздарын қалап таңдадым.
Көңілді сәтте кей-кейде
Қамығам жаным қан қақсап.
Отырам қызғын гөй-гөйде
Ой басқан қалыс жан құсап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үш мыстан

  • 0
  • 0

Кезіктірдім балықшыны
Ау жамаған бір дем алмай!
Жүзі жарқын, анық шыны
Төрт құбыласы тең адамдай!

Толық

Шумақтар

  • 0
  • 0

Зерігіп елде жүдедім,
Кетейін қанды қырғынға,
Өзің деп соққан жүрегім
Жоғалар ма екен құрдымға.

Толық

Жасын

  • 0
  • 0

Күркіреп жасын, бұрқырап бұлт,
Тұңғиық теңіз сұрланды.
Сіркіреп көбік, дүркіреп ұрып,
Тебісіп толқын тұлданды.

Толық

Қарап көріңіз