Өлең, жыр, ақындар

Үш мыстан

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 484
(Ф.Шиллердің "Макбетінен" үзінді)

Бірінші мыстан:
Кезіктірдім балықшыны
Ау жамаған бір дем алмай!
Жүзі жарқын, анық шыны
Төрт құбыласы тең адамдай!
Шалықтатып ән салатын,
Атқан таңды, батқан күнді
Асқақ әнмен қарсы алатын!
Соған әбден жыным келіп,
Бір ойға бел будым берік...
Балық аулап еді ол бір күн,
Ауға түсті меруерт, алтын;
Қазына емес осынау шіркін
Қара пәле сол болатын;
Қазынаны үйге әкелді де
Ән салуды ол қойды мүлде!
Екінші, үшіншісі қосылып:
Қас дұшпанын әкелді де
Ән салуды қойды мүлде!
Бірінші мыстан:
Жүрген жері ойын-сауық,
Той, думанда шек болмады —
Тұра алмады байыз тауып,
Басына кеп бақ қонғалы.
Білмеді әбес іс етерін,
Бәрі алдамшы түс екенін!
Екінші, үшінші мыстан:
Байлық - тозақ, оны, бірақ,
Білмеді ғой ол ақымақ!..
Бірінші мыстан:
Ұшты бақыт алмағайып,
Жалған достар болды ғайып;
Бұған қайтып шыдай алмақ,
Жаза басты ол құдай қарғап!
Қанжығасы, қолы қанды
Сұм қарақшы болып алды...
Өзен жақтан көрдім кеше
Өтіп бара жатқанымда,
Жағалауда отыр екен
Көңіл шерлі, батқан мұңға.
Деді ол маған:
"Кетсін құрып
Баяны жоқ бұл сұм өмір!
Алдамшы арман!..
Дүние-мүлік!..
Сол сәт толқын күрсінді бір.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мөп-мөлдір жанарың жанады

  • 0
  • 0

Мөп-мөлдір жанарың жанады
Аспандай көгілдір
Сүйістей баурап бір барады
Әніңді төгілдір.

Толық

Орыс әуені

  • 0
  • 0

Қиялымда жасап әлем басқа бір
Өзгеше бір тіршіліктің болмысын;
Дәнекерлеп, бірақ, күйттеп баста бір,
Оған есім бермегенім болды шын;

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Қайтесің лайлап көңілді,
Өткеннің қозғап барлығын;
Онымен маған соғұрлы
Артылмас ынтызарлығың.

Толық

Қарап көріңіз