Өлең, жыр, ақындар

Шумақтар

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 427
Зерігіп елде жүдедім,
Кетейін қанды қырғынға,
Өзің деп соққан жүрегім
Жоғалар ма екен құрдымға.
Сүйем деп мені әурелеп,
Еске алма есер жалынды;
Қан керек маған, қан керек,
Сөндірсін күйген жанымды.
Мерт болып жатсам майданда,
Күңіренер дейсің кім оған,
Өмірім адыра қалғанға
Қинала қоймас бір адам.
Жас арман өтер баянсыз,
Қарамас тағдыр ырқыма,
Қайғысыз, өсек-аяңсыз
Кетермін қайран ұйқыға.
Сондай бір бей-жай шағымда
Көріне берсең түсімде,
Жаңарып бейнең жадымда
Дерт бола берсе ішімде.
Жан тыныш сонау алыста,
Жататын жайлы бар адам,
Жаныма жастай жабысқан
Жазылмай қойсам жарадан.
Жасаурап көзі бір кезде
Мәз болып саған қарайтын,
Көз түрткі болып елге өзге,
Күлкіңді бақыт санайтын.
Мен сорлың мына қорықпай
Қайғыдан, жұрттан, елім деп,
Аттанар кезде жорыққа
Бір қара маған күлімдеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елена әулие

  • 0
  • 0

Еске алайық аралды қияндағы:
Жағасында көңілі ойран-ботқа
Наполеон әр мезет қиялданып,
Франция туралы ойға батқан.

Толық

Ән

  • 0
  • 0

Сабағын жапырақ сабалар
Дауыл алдында:
Сорлы жүрек өрекпір
Сорға батарда.

Толық

Палестина бұтағы

  • 0
  • 0

Жә, Палестина бұтағы,
Қай жерде гүлдеп кең өстің?
Қай жазық пенен ондағы
Көркі едің қандай дөңестің?

Толық

Қарап көріңіз