Өлең, жыр, ақындар

1831-дің қаңтары

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 394
Боз тұман сиреп ашылды,
Ажалдың түні тарады.
Ерлері ерте ғасырдың
Тіріліп маған қарады.
Шақырды сосын ән айтып,
Қосылдым әнге өзім де,
Шама жоқ кейін қарайтын, -
Кенелді көңіл сезімге.
Дейді ғой олар: әнімде
Болмасын пәни жер үні,
Адам мен азап — бәрін де
Ұмытсын дейді-ау, көңілі,
Нәлеттің басқан табы көп,
Зәрі кеп жуған өңірін,
Алдамшы болмай бағы жоқ
Ұмытсын, - дейді-ау, өмірін.
Жыраққа кетсем бір кез мен
Тағдырдың құл боп заңына,
Қуғын, деп, сорлы ел кезген
Алғайсың мені жадыңа.
Түн-түнек түсер түксиіп,
Ұйқысыз жалғыз егіліп,
Қасында майшам сықсиып,
Көз жасың кетер төгіліп.
Дейсің ғой сонда: бір уақыт
Отырды-ау мұнда есілім, -
Шыңырау шерге шым батып
Тағдырдың тосып шешімін;.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Farewell

  • 0
  • 0

Кешір! жұртқа бақ тіледім,
Жетсе оным көк түбіне,
Саған деген ақ тілегім
Көктен де асып кетті міне!

Толық

N...N-ға

  • 0
  • 0

Ойнама менің қайғыммен
Ажырап қалған ай, күннен.
Өткенді еске алсам-ақ
Төрешім құдай, бір құдай

Толық

Ұялшақсың қандай өзің

  • 0
  • 0

Ұялшақсың қандай өзің,
Құш, жас жігіт, мені құш!
Етесің сен қайтіп төзім;
Көрдің бе әйел сен тұңғыш?

Толық

Қарап көріңіз