Өлең, жыр, ақындар

...ға

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 462
Ғайыптан тағдыр кез қылды,
Жұбымыз содан жазылмай
Жарасып кеттік; бұл күнді
Деп тілеп мәңгі созылғай!
Дәп солай дәйім елжіреп
Көктемгі тасқын шулайтың,
" Айдында аспан мөлдіреп
Толқынмен тынбай тулайтын.
Болғайсың зеңгір аспаным,
Куә бол дауыл күніме.
Көз жазбан одан қас-қағым,
Құлақ тос кәрлі үніне.
Жеңсем де, тіпті, сөнсем де
Бәріне куә бұл ғалам,
Жұрт, мейлі, сөгіп, күлсе де
Сен барда оны тыңдаман!
Жанынан жалын төккенде
Ақынның ұқпай пәк мұңын
Сүйсіне білген жоқ пенде,
Бөліскен де емес шаттығын.
Бал жұтқандай бал еріннен
Көруші ем бақ күнімді,
Бездім бақыт, бұла күннен
Ғашық емен бұрынғы.
Көз жасына балаушы едім
Мен салқамсоқ күнімді,
Онда зар боп, қалаушы едім –
Ғашық емен бұрынғы.
Жадымда жоқ, салмаппын зер
Жылдар жылжып өткенге:
Әлде зымыран сол бақ күндер
Жүрегімді ап кеткен бе?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қонақ

  • 0
  • 0

Бұлтқа орап омырауын,
Ай тосырқап қалқиды.
Үні жырақ қоңыраудың
Бір тынып, бір шалқиды.

Толық

Толқындар мен адамдар

  • 0
  • 0

Толқынды толқын қуалап,
Ағады шулап, шолпылдап.
Адамдар сондай сүреңсіз,
Барады лек-лек топырлап.

Толық

А. Г. Хомутовара

  • 0
  • 0

Әз ақын жалын жүректен
Сізге арнап өлең жолдарын
Аяулы күнді жыр еткен,
Ғажайып шабыт түлеткен;

Толық

Қарап көріңіз