Өлең, жыр, ақындар

А. Г. Хомутовара

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 371
Әз ақын жалын жүректен
Сізге арнап өлең жолдарын
Аяулы күнді жыр еткен,
Ғажайып шабыт түлеткен;
Өткенді терең толғады.
Ол сізді көрмей тұрса да
Қауышқан сәтте қайтадан,
Үніңіз тербеп соншама
Көңілін қатты шайқаған.
Ақпейілге разы болғандай
Көңілі сонда бір тынған.
Өшкені қайта жанғандай
Құшағын жая ұмтылған.
Үмітпен ғұмыр кешкен деп,
Жайым бар, кез кеп, мұңдасқан.
Өтермін әман қастерлеп
Қаяулы бұл бір сырды ашпан.
Сенімім кәміл әрдайым:
Жөнелген жылдар жыраққа
Сіз жаққан шырақты арнайы
Өшірген емес, бірақ та.
Әз ақын мұңын серпіген
Жаныңыз дарқан ерек тым –
Әркім-ақ бұған елтіген.
Сол үшін сізге тағдырдың
Рахымы түссе керек-ті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі алып

  • 0
  • 0

Алтын қалпақ басында,
Қарт алыбы орыстың,
Тас түйілді тосуға
Жат батырын алыстың.

Толық

Романс

  • 0
  • 0

Сұм жалғанға наразы жан,
Сұмдық жала жанға батып,
Кетті аттанып ыза буған,
Сәнді Римге өзі ұнатып.

Толық

Палестина бұтағы

  • 0
  • 0

Жә, Палестина бұтағы,
Қай жерде гүлдеп кең өстің?
Қай жазық пенен ондағы
Көркі едің қандай дөңестің?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар