Өлең, жыр, ақындар

Бекет-ата

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 896
Ер Бекет-ата, өзіңсің елдің ұраны,
Көтерген туың желбірей жайнап тұр әлі.
Маңғыстау ойы, даласы қазақ Пір тұтты,
Өзіңе арнап лаулайды жаққан шырағы.
Жұртыңа елі силапты ер деп найзаны,
Ақтады соны, жау көрсе көзі жайнады.
Ту ұстап талай қол бастап жауың қашырған
Өзіңсің Ата — Адайдай елдің айбары.

Қайырмасы:
Шұғыла шашып мейірін маңға тарата,
Алысты жақын етеді ғажап бір Ата.
Желей гөр Ата, жебей гөр Ата - бата бер,
Ер Бекет-Ата, Әулие-Ата, Пір-Ата!
Ер Бекет-Ата, Әулие-Ата, бата бер,
Ата, Пір Бекет-Ата!
Әулие-Ата, өзіңсің басы дәулеттің,
Өзіңсің демі тентектеу туған әулеттің.
Жатырсың сәндеп әлі де жанның сарайын,
Төрт мешіт соққан, өнері асқан сәулетшім.
Анттасқан шақта ары да болған елінің,
Ұл-қызын қорғап арқасын тосқан керімім.
Адассам бағдар, нұр шашқан Темірқазығым,
Жасыса намыс суарып алар көрігім.

Қайырмасы:
Қасиет дарып тірілей "Пір" деп аталдың,
"Ия, Бекет" демей бастауға ісін батар кім.
Сенімді жанға пейілін Тәңір таныта
Жайраңдай күліп Сіз жақтан ғана атар күн.
Пір Бекет-Ата, ізіңді басқан сүйгіздің,
Сәждеге аппақ маңдайын елдің тигіздің.
Оғланды — Ордан ниетін кісі тазартар,
Еңселі ердің, ханның да басын игіздің.
Қайырмасы:



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір ән қалса

  • 0
  • 0

Жас шақта сескенбейсің дар ағаштан
Асаусың бұғалығын ала қашқан.
Көкірек әлі сазды, күйге толы,
Бір сарын орнап қалған бала жастан.

Толық

Қорқыныш

  • 0
  • 0

Бiр өлеңдi жазып тастап марқайып,
Көңiл өсiп жатырғанда шалқайып –
Күдiк итiң түрте-түрте оятты,
Қорқыныш қой.. Тұр алдымда талтайып.

Толық

Түс

  • 0
  • 0

Түсімде көрдім анамды –
Ұсынған шұбат, нән зерең.
Тозса да нұрлы жанары
Көзінен ұқтым – мән терең.

Толық

Қарап көріңіз