Өлең, жыр, ақындар

Бөлінбес енші

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 204
Не болған маған —
Сендермен, сезім, тілдеспей?
Қарамай қағаз
Бетіне оның күндестей.
Бірімен бірі
Шашылған ойлар үндеспей,
Не болған маған
Жолдардың маржан
Мағызын шайнап күй кешпей?
Қалдым ба жұртта
Қасаң ой талмап, сағыздай?
Емес пе ем бір кез
Сендерді баққан нағыз бай.
Көңілді күйттеп,
Көйлекті биттеп кеттім бе,
Барам ба сөніп,
Жұпарлы сөзді
Шоғыңа сенің тамызбай?
Сананы кернер
Бой бермес ойлар қайдасың?
Өріссіз қалып
Жүр ме екен "алпыс" жайғасын?
Сәлем де оған,
Жетпіс пен сексен алда де,
Қарттыққа ерте,
Сертінен берген,
Шабыстан әзір таймасын.
Жиып ап миға
Әлемдік барлық қайғыны —
Бататын ойға
"Елім" деп "Жерім" қайда ұлы?
Тоқырап қалма,
Ақиқат біреу қашанда
Ойлаған ойың —
Бөлінбес енші,
Меншігі елдің, байлығы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жастыққа сағыныш

  • 0
  • 0

Бойыңа қулық жұқпаған —
Аңғалдау ғана адаммын.
Бұралқы ойлар ықтаған
Обадай, жалғыз, жаһанның.

Толық

Тыңда да сөзді сарала

  • 0
  • 0

Тыңда да сөзді сарала,
Кім айтты оған қарама.
Қазақтың кейбір мақалы
Сіңбейді толық санаңа.

Толық

Ұйқысыз түн

  • 0
  • 0

Кілт өзгеріп, күн бата, жаратылыс,
Тапқандай ма, аз дамыл, дала тыныш.
(Табиғаттан тыс туған құбылыстай,
Бұ не ғажап, алмайды қала тыныс).

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар