Өлең, жыр, ақындар

Қысқы ауа райының мәліметі

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 204
Телевизор. Отанымнын, картасы
Бәре де бар —
Москва мен Алматы,
Балтығым мен Балқашым...
Жатыр басып жазықты
нарлар құсап бүк түсiп
тауларымның жондары.
Тынысы боп кең даланың кезерген
иректелiп, бүктелiп
жатыр ұлы өзендер
кесiп өтiп адыр, белең, аймақты —
емендердiң тамырындай ұп-ұзын
емендердiң тамырындай қайратты.
Басып кiрер ұлы елiмнiң алқабын
ертеңгi күн суығына алаңдап, —
синоптик тұр қарсы алдында картаның
ауа райын хабарлап.
Цифр толы картамның
бетi боп-боз ақ тандыр...
Боран келе жатқандай
Тынық мұхит жақтан бiр —
Қара сызық бойымен
сыналып кеп сұғынған
тiреледi ол Каспийге
көктей өтiп Қырымнан,
Мұзды мұхит жақтан да
суық түсер қалшылдап, –
Орал менен Сiбiрге
қара сызық жебелер
қадалып тұр шаншудай.
Сес көрсетер январь
апрель мен марттарға!
Дәл бұл кезде қарбалас
аэропорттар мен порттарда.
Төтеп берген талайға
төтеп бер деп айтамыз.
Беру керек қалайда
боран менен дауылдың
шабуылына тойтарыс!
Келсiн боран, дауыл да
қарсы тұру оларға
бiздер үшiн ауыр ма!
Келсiн олар анталап
тайсақтамас жүздерiм....
Түспесiн тек картаға
шабуыл мен жорықтың
алқызыл қан iздерi!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тұйықтағы паровоздар

  • 0
  • 0

Салмағымен басқан жерiн ұйытқан,
бүгiн мiне,
жүгiн алып иықтан,
шойын дене паровоздар қамалып

Толық

Жұғымды адам

  • 0
  • 0

Жұғымды адам, балдай тәттi жұғымды.
Тұла бойы түсiнiктi, ұғымды.
Сырлас жандай – ашпасаң да сырыңды.
Мұңдас жандай – айтпасаң да мұңыңды.

Толық

Сансыраған хал

  • 0
  • 0

Бүгiнде
Өз жерi мен өз елiнде
Тiлiм мен дiлiм
Екi бүктелiп

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар