Өлең, жыр, ақындар

Ымырт түстi

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 365
Ымырт түстi,
жан-жағыма қарадым –
тау, өзен мен қыратты өлке, алабым,
танаптардың мая-мая сабаны...
менен бәрi бiрте-бiрте алыстап,
қараңғыға сiңiп кетiп барады.
Қайтайыншы дегендей-ақ аралап,
ағаштар да кетiп бара жатады.
өзен бойын жағалап.
Жапырақтардың сыңғыры –
жүрiп бара жатқан аяқ сыбдыры.
Түн өтедi.
Таң бозарып атады, –
сыпырылып түннiң қара шапаны,
маған бәрi бiрте-бiрте жақындап.
қараңғыдан шығып келе жатады.
Мен көрмеген өлкелердi аралап,
ағаштар да қайтып келе жатады,
өзен бойын жағалап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайрау

  • 0
  • 0

Егер сен
Шаншылып қарап,
Кеудеңді керіп
Айтарыңды

Толық

Түрмеге ұя салған қарлығаш

  • 0
  • 0

Құдай-ау,
Азат қарлығаштың
Түрмеге ұя салғаны несi?
Бостан еркiндiгiн

Толық

Мінез

  • 0
  • 0

«Түнде ұйықтамаған,
Күндiз отырмаған,
Қызыл қанын төккен,
Қара терiн жүгiрткен»

Толық

Қарап көріңіз