Өлең, жыр, ақындар

Бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен...

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 204
Бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен...
Отыр едiм ойлар тартып әр күннен
ең асылын, ең керегiн тердiм деп...
Көтерiлген бармақтай-ақ бұлт болып
бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен.
Бiр биiктеп, қайта кенет төмендеп,
қимылдасаң зәр уымды төгем деп,
сол жүректiң көлеңкесi бұлт болып
тұрып алды көз алдымда көлеңдеп.
Кеудемдегi үмiтiмнiң құстары
көлеңкеден қорықты ма, ұшпады.
Мүмкiн емес
көлеңкенi өлтiру,
мүмкiн емес
көлеңкенi ұстауың.
Тұрып алды кеңiстiкте асылып
Мен отырмын өз-өзiмнен ашынып.
Қара ниет қатыгездiк өз жанын
қойды ма екен көлеңкеге жасырып.
Аттым оны
жебе – нұрды ап келiп.
Жiбердi ол көлеңкенi қақ бөлiп.
Қара қошқыл түтiн ұшты...
қарадым
дәл жанымда бiр қарақұрт жатты өлiп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңыз

  • 0
  • 0

Кең даламды кемiтiп
дедiң-ау сен: құла түз.
Тыңдатқызар елiтiп
құла түзде тұнып тұр

Толық

Нала

  • 0
  • 0

Жерi құт қайнатқан,
Ошағы құрт қайнатқан;
Iбiлiсiңдi iреп,
Албастыңды

Толық

Намыс

  • 0
  • 0

Түкiрiп туған жерiме
өзiмдi кетсе табалап,
тигiзiп тiлiн тегiме
жармасса бiреу жағама —

Толық

Қарап көріңіз