Өлең, жыр, ақындар

Әлкей Марғұлан

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 597
Жiгерленiп, құлшынып,
сеңдi ме екен күшiне –
кеттi аттанып бiр жiгiт
қап-қараңғы қатерлi
ғасырлардың iшiне.
Жалғыз тартып төте ендi
сан ойларға батты ол.
Қап-қараңғы қатерлi
ғасырлардың iшiне
сiңiп бара жатты ол.
Шөлдеп, сусап шағылда
сапар шектi атанмен...
Бара жатқан жолында
ұзақ-ұзақ сырласып
көп отырды Шоқанмен.
Кеттi бағзы заманға...
Асқар шың да – бiр жағым,
шыңырау менiң – бiр жағым
кiрмейсiң деп кiлтсiз
белгiсiз бiр қамалдар
жолын бөгеп тұрды оның.
Берi оралып,
шалдығып,
жүрдi қанша арып-ақ...
Қайта кеттi сол жiгiт
архивтердiң iшiнен
алтын кiлт тауып ап.
Алданып қап сағымға
өкiнiштi өткердi...
Бара жатқан жолында
кездестiрдi қаншама
хандар мен бектердi.
Түтеп, бұрқап, бораған
болды iшiнде даулардың.
Жүрдi сонсоң сол адам
көшелерiн аралап
Отырар мен Сауранның.
Әрi кеттi сол адам
асып тарих – сан белдi...
Жерiн, елiн талаған
найза шаншып, жебе атқан
жер қайысқан қол көрдi.
Қаншама ол ой кештi
кездесiп сан жандармен.
Тiлге келiп сөйлестi
Қобыланды, Қамбармен.
Ой тапты жұрт табынар
түбiн iздеп ғаламның...
Елдi кездi тағы да
желмаясын жетектеп
Асан қайғы бабамның.
Тағы да ойға батты ол
тебiрентiп толқытқан...
Қайтып келе жатты ол
аңыз бiлiп ғаламат
қобыз тыңдап Қорқыттан.
Сан тарихтың тегi мен
тереңiне қараған, –
бәрiн әкеп елiне
ғасырларда қалды өзi
дала-сынды сол адам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бізді билеп үйренгендерге

  • 0
  • 0

Сендер бiздi
Табанға сап илегенсiңдер.
Соған үйренгенсiңдер.
Сен ендi бiлiп ал! –

Толық

Тұтқынға түскен көк түрік аруының зары

  • 0
  • 0

Ой, Тәңiрi-ай!
Күнi кеше ғана
Таудың тас емшегiн иiтiп
Алтын шайып ағатын

Толық

Әулекі

  • 0
  • 0

Сыймайсың аспан асты, жер бетiне.
Даярсың түкiруге ел бетiне.
Өңештi кепкен көндей жыртатұғын
Тап болдық сен сияқты әулекiге.

Толық

Қарап көріңіз