Өлең, жыр, ақындар

Бізді билеп үйренгендерге

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 440
Сендер бiздi
Табанға сап илегенсiңдер.
Соған үйренгенсiңдер.
Сен ендi бiлiп ал! –
Түк айта алмай
Именшiктеп
Бұққанды қойғам.
Жүзiңе қарай алмай
Төменшiктеп
Ыққанды қойғам.
Кезiнде сен
Бұтымды бұт,
Қолымды қол еттiң ғой.
Балымды желiм,
Жолымды сор еттiң ғой.
Тәуелсiзбiн!
Мен ендi зорлығыңа
Көне алмаспын.
Айтарымды айтпай
Өле алмаспын.
Мен ендi сенiмен
Бұрқыраған Атырауды
Көкiрек көңiлiме
Құйып алып сөйлесем.
Мен ендi сенiмен
Алатаудың бiр шыңын
Басыма бөрiк қып
Киiп алып сөйлесем.
Шамырқансам! –
Көңiлiмнен теңiз ақтарып
Тасқында қалдырам.
Бөрiгiмнен тас құлатып
Астында қалдырам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұсақ адам

  • 0
  • 0

Сен
Ұсақсың, майдасың, күйкiсiң.
Әлдекiмдердiң –
Балағында жүрген! –

Толық

Жер астындағы өзендер

  • 0
  • 0

Шөлдер қанша
ернi кеуiп кезерген,
Жерлер қанша
сұп-сұр болып безерген...

Толық

Наурыз келдi

  • 0
  • 0

Наурыз келдi!
Қара жер семiрiп
Бөгiп жатыр.
Төрт түлiк малым

Толық

Қарап көріңіз