Өлең, жыр, ақындар

Маңғыстау желін сағынғанда

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 316
Қараса көз талатын
сар даланың белдерi-ай.
Сол белдерден соғатын
Маңғыстауымның желдерi-ай!
Кете алмастан құлшынып
кейде бұғып қаламын, –
сен өзiңсiз
тұншығып,
тымырсық боп барамын.
Кетсең егер жұлқылап
шоқ боп тұтап жанушы ем.
Өзiңменен бұрқырап
жағаласып алушы ем.
Кетушi едiң
белеңнiң
жайдақ құмын ысырып:
бұтағынан өлеңнiң
бос сөздердi ұшырып.
Отын үрлеп әлемнiң
жандыратын, жанатын –
бұтағында өлеңнiң
қайсар сөздер қалатын.
Қайрақ қылып жағымды
от шығарып жанушы ең.
Ұйтқып соғып
жанымды
сiлкiлеп бiр алушы ең.
Тау-тасқа ұрып басымды,
қалса жанда кек тұнып, –
сорғалаған жасымды
берушi едiң кептiрiп.
Бөлек едiм, ерекше ем
сен бұрқырап соққанда...
Қалушы едiң демеп сен
құлап бара жатқанда.
Кете алмастан құлшынып,
бұғып қазiр қаламын.
Сен өзiңсiз
тұншығып
тымырсық боп барамын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Толқындар

  • 0
  • 0

Толқындар
жағаны қабады.
Биiктен шүйiлген
дәп қазiр қырғимын, –

Толық

Намыс

  • 0
  • 0

Түкiрiп туған жерiме
өзiмдi кетсе табалап,
тигiзiп тiлiн тегiме
жармасса бiреу жағама —

Толық

Домбыра

  • 0
  • 0

Саздар iздеп жұлдыз, бұлақ, қайыңнан,
аспандағы құстың даусын қайырған,
төзiмдi илеп,
сезiмiңдi үгетiн

Толық

Қарап көріңіз