Өлең, жыр, ақындар

Шолпан

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 524
Шолпан!
Сен маған –
Қайда барсам да!
Көлеңкем құсап
Ерiп жүрдiң.
Не iстесем де
Көнiп жүрдiң.
Омыртқам сынғандай
Ойсырап қалған кезiмде
Жебедiң.
Қаңсырап қалған кезiмде
Демедiң.
Тәнтiмiн!
Сен менi жаныңдай
Жақын көрдiң.
Теңдесi некен-саяқ
Ақын көрдiң.
Арыстандай ақырып,
Жолбарыстай бүктетiлiп
Ширыққан кезiмде
Сен маған басу айттың.
Адасқан кезiмде
Бетiме шыжғырып
Ашып айттың.
От пен ошағыма,
Сендей қосағыма –
Екi дүниеде ризамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер-Ана мен Аспан-Атаға өтініш

  • 0
  • 0

О, Жер-Ана,
Мына бір адам
Жер үстіне
Сыймай бара жатыр ғой.

Толық

Өмір

  • 0
  • 0

Сен, өмiр,
Қаталсың, қаттысың.
Ащысың!
Сонда да тәттiсiң.

Толық

Жағымпаз

  • 0
  • 0

Жоқ кiсiлiк, iрiлiк,
майлап алған жанарын.
Иiледi, бүгiлiп –
Омыртқасы жоқ оның.

Толық

Қарап көріңіз