Өлең, жыр, ақындар

Мен сондай болдым

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 449
Шәкiр Ыбыраевқа

Елiмдi
Ел етемiн деп,
Жерiмдi
Кеңейтемiн деп
Байыз таппадым!
Қылышымды
Қылдай жұқарғанша сермедiм.
Найзамды
Тебендей жiңiшкергенше сiлтедiм.
Жер қаптым.
Омалдым.
Дұшпанның мойнына
Жылан боп оралдым.
Тұман боп тұтасып,
Бұлт боп көштiм мен.
Күндi де кештiм мен.
Түндi де кештiм мен.
Дәрмен күткем жоқ
Ешкiмнен!
Қағып-қағып
Қанымды iштi.
Соғып-соғып
Сөлiмдi iштi.
Қайтпадым!
Омыртқамды
Күтiрлетiп үздi.
Қабырғаларымды
Бiртiндеп үздi.
Бiрақ ештеңе айтпадым.
Қарыстым!
Өлiп бара жатып та
Бөрiдей алыстым.
Мен сондай болдым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәйге

  • 0
  • 0

Жердi тарпып, бүлiнiп,
екi көзi шоқтанып,
шыққан кезде мәреден
жұлдыз құсап жұлынып

Толық

Қарау ой

  • 0
  • 0

...Бiр кездерде бойға симай сарқырап
жататұғын қайрат-күшiн сарқып ап, –
бара жатты түн iшiнде бiр адам
тұмшаланып, мойынын iшке тартып ап.

Толық

Өлі тыныштық

  • 0
  • 0

Өлі тыныштық.
Ес-түссіз тіршілік
Осы жерде ұйысып,
Бөгіп қалғандай...

Толық

Қарап көріңіз