Өлең, жыр, ақындар

Сыпыра жырау

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 659
Басына
Қара бұлт бүркенiп
Қаратау болып теңселдi.
Төбесiне
Жасын ойнатып
Алатау болып қозғалды.
Гулеген сайын желпiндi,
Үрлеген сайын қозданды.
Жүрегi
Сарнап жылады.
Қобызы
Аңырап жылады.
Қазандай қайнады.
Хазардай көпiрдi.
Отқа түсiп қақталған,
Төске түсiп тапталған
Алтын балдақты ақ семсердей
Сiлтеген сайын жетiлдi.
Құйып төккенде
Данамен де мұңдасты,
Даламен де мұңдасты.
Қышырлатып тiсiн қайраған,
Қарпып шайнаған
Қарт бурадай
Жын шашты.
Шердi қозғады.
Қамаулы
Жылқыдай кiсiнеп,
Ботасы өлген
Iнгендей боздады.
Бiреудi шақырды,
Бiреудi батырды...
Құйрығымен жұр ұрған
Арыстандай ақырды.
Садақтайын иiлдi.
Жолбарыстай бүгiлдi.
Дауылды күнгi
Теңiздей тулады.
Жауынды күнгi
Ормандай шулады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шоқан

  • 0
  • 0

Болсын мейлi тұманы,
бұл сөзден сен үрiкпе.
Ақиқаттан туады,
кейде болжам, күдiк те!

Толық

Өлең жазып отырмын

  • 0
  • 0

Өлең жазып отырмын.
Қаламымды
Көкпеңбек көлдерге
Малып алып

Толық

Ескерту

  • 0
  • 0

Сенің соншама
Менің алдымда
Шегірткенің
Кәрі айғырындай

Толық

Қарап көріңіз