Өлең, жыр, ақындар

Шетелдік алпауыт

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 311
Несiн жасырамыз!
Түңiлiп тұрмыз.
Сонда да алдында
Желдi күнгi ағаштай иiлiп,
Бүгiлiп тұрмыз.
Әлi пiспеген бордай боп
Үгiлiп тұрмыз.
Сен болсаң
Желдеген түйе құсап –
Танауың делдиiп! –
Қарамайсың.
Тек тұрмай
Жалаңды жағып
Қаралайсың.
Қорлап жатырсың!
Барымды да,
Жанымды да
Алтайдан Атырауға дейiн
Алып ау құрып
Торлап жатырсың.
Бiреуiмiз
Ауаға тұншығып
Жағада аласұрып жатқан
Балықтаймыз.
Бiреуiмiз
Көлденең көсiлiп жатқан
Қаралы табыттаймыз.
Қазiр елiм
Алақапшық көтерген
Ала шапқын.
Сен болсаң
Сол момын елге де –
Жерiмде тұрып,
Төрiмде отырып –
Майлы қара күйедей
Жала жаптың.
Бiр тамшысын
Тамызбай
Балымды iшiп тұрсың.
Бiр тамшысын
Ағызбай
Қанымды iшiп тұрсың.
Жерiмдi
Бүлдiрiп бiтiрдiң
Асымды iшiп
Аяғыма түкiрдiң.
Бетпе-бет кездесуге
Елден қашасың.
Кекiрейiп
Кердең басасың.
Басындың.
Ашындым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пойыз

  • 0
  • 0

Заулайды пойыз, заулайды пойыз, заулайды,
туннельге сүңгiп,
бауырдай тiлiп баурайды.
Табанда жатса рельс бiткен жалтырап,

Толық

Күлкі күнінде

  • 0
  • 0

Күлкi күнi кiм күлкiсiн iркiген
бiрi түбiт,
бiрi түрпi кiрпiден.
Сықылықтап,

Толық

Толқындар

  • 0
  • 0

Толқындар
жағаны қабады.
Биiктен шүйiлген
дәп қазiр қырғимын, –

Толық

Қарап көріңіз