Өлең, жыр, ақындар

Табалау

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 500
Әлдекiмдермен
Әдiлдiк үшiн тiресiп едiм,
Әдiлдiк үшiн күресiп едiм.
Жеңiлдiм!
Қақырап сөгiлген
Жартас құсап
Құлап түстiм.
Дауылды күнi
Қопарылған бәйтеректей
Сұлап түстiм.
Сол, сол-ақ екен
Бiреулер – естерi шығып! –
Далақтап күлдi.
Бiреулер – арттарын ашып! –
Шайтаннан бес бетер
Сандарын соғып,
Шапаттап күлдi.
Бiреулер сықсиып –
Iшiне сұмдық жасырып! –
Жымсиып күлдi.
Сойған түлкiдей
Ырсиып күлдi.
Күлмегендерi –
Көзiнiң астымен қарап
Түксиiп тұрды.
Мен жаққа – әйелдерi! –
Етектей ерiндерiн шығарып,
Сұқ саусақтарын! –
Жыбыршыған
Ешкiнiң құйрығындай
Шошайтып тұрды.
Байлары банкеттерде
Күйекке түсетiн бұқадай
Бұттарына толып
Тост айтып тұрды.
Табалап күлдi.
Абалап үрдi.
Күлiп жатты!
Күлкiлерi алмастай боп
Жүрегiмдi тiлiп жатты.
Жарам –
Тұз басқандай! –
Ырсиып кеттi.
Жаным –
Мұз басқандай! –
Түршiгiп кеттi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер-Ана мен Аспан-Атаға өтініш

  • 0
  • 0

О, Жер-Ана,
Мына бір адам
Жер үстіне
Сыймай бара жатыр ғой.

Толық

Бұған ендi не дерсiң?

  • 0
  • 0

Қонақ көрсем
Түңлiктей
Желпiлдеп тұратын халық ем.
Туыс көрсем

Толық

Көп балалы үй

  • 0
  • 0

Болашағы улап-шулап жатқасын,
қарт та иедi тап осы үйге ақ басын.
Кұшақ-сынды шалқасынан ашылған,
шалқасынан ашық бұл үй қақпасы.

Толық

Қарап көріңіз