Өлең, жыр, ақындар

Обалы кімге?

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 339
Алма ағаштарымды
Көгертпей, көктей солдырып
Қырқып жатыр.
Құртып жатыр.
Жасыл бағымды
Жүндей жалмап –
Жер жетпегендей! –
Осы жерге
Үйлер салмақ.
Адамдар-ау,
Обал ғой.
Бұл да бiр
Талау мен тонау ғой.
Түбiн
Тамырымен қосып
Қопарып тастадыңдар.
Өз қолдырыңмен өлтiрiп
Айдалаға –
Апарып тастадыңдар.
Ағаштар да
Балаларың мен
Балапандарың емес пе?!
Саусақтарымен
Құт көтерiп тұрған
Алақандарың емес пе?!
Өскендерiңдi
Неге өшiресiңдер?!
Өздерiңе өздерiң
Неше өшiгесiңдер?!
Айтып, айтып
Жанымды шүберекке түйiп
Сығымдап тұрмын.
Ұясын – жыланнан қорғаған! –
Бозторғайдай
Шырылдап тұрмын.
Бiрақ естiмейсiңдер! –
Тас кереңсiңдер!
Жерiнiң қанын сорған
Аш кенесiңдер.
...Бәрiбiр тыңдамай
Алма ағаштарымды
Тамырымен қопарып
Жұлып жатыр.
Көгертпей,
Көктей солдырып
Қырып жатыр.
Обалы кiмге?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өкініш

  • 0
  • 0

Өсек айтып отыр екi азамат!
Тек өздерiн сүттен ақ қып тазалап,
қалған жұртты сырттан соттап, жазалап
тiрi жанды жерге берiп азалап,

Толық

Этюд

  • 0
  • 0

Ақ ұлпа қар жауған күнi
Торғай боп ұшып жүрген
Өлең көрдiм.
(Өлең iздеп шыққам.

Толық

Қорықта

  • 0
  • 0

Әр әуезi дыбыстың
кетедi ғой желпiнтiп.
Неткен мұнда —
тыныштық.

Толық

Қарап көріңіз