Өлең, жыр, ақындар

Есалаң шақ

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 208
Iздеп шыққан —
Бiр кездегi! —
Жерұйығым да жоқ,
Кермиығым да жоқ,
Шалқұйрығым да жоқ,
Бай қиырым да жоқ.
Жылан жалағандай
Тап-такыр
Айдалада тұрмын.
Аспандағы ай
Омырылып сынып
Шашылып жатты.
Көне қорымдағы
Қаптаған молалар —
Күңiренiп! —
Көтерiлiп-басылып жатты.
Инедей суық
Әлдебiр ызыңнан
Миым шаншып,
Құлағым тұнады...
Көне қыстау жақтан
Кәрi байғыз жылады...
Аспаннан
Әлдебiр мүнкiген нәрсе
Жапалақтап түстi.
Күйген жапырақтар құсап
Қап-қара
Жарқанаттар ұшты.
Табанымның асты –
Менi көмгiсi кеп
Аяғыма оратылған
Құм сияқты.
Дәл қасымнан
Тұяқтары сыртылдап
Бақылдаған әлдене өттi.
Өзi көрiнбейдi.
Жын сияқты...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүгінге

  • 0
  • 0

Күттiм сенi қиялымен елестiң
жасар iсiм болсадағы көмескi.
Күттiм сенi!
Неге күттiм? –

Толық

Қуат жыры

  • 0
  • 0

Еңкiп-еңкiп соққанда
Таудың денесiнен
Тастар бұршақ боп құйылды.
Серпiп-серпiп соққанда

Толық

Жалғыздық туралы жыр

  • 0
  • 0

Дүние дегенің
Қақ-қақ бөлініп
Сөгілген сеңдей боп
Жарылып барады...

Толық

Қарап көріңіз