Өлең, жыр, ақындар

Бұлтпен соқтығысқанда

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 204
Мен кенеттен
Алатаудың басында
Қап- қара бұлтпен
Соқтығысып қалғаным.
Адам айтқысыз
Алапат болды.
Мен де жарақат алдым,
Бұлт та жарақат алды.
Соқтығыстың
Қатты болғаны сонша
Қара бұлттардың—
Найзағайлардан! –
Қақырап! –
Жарылып кеткені.
Дүниенің
Қағынып кеткені...
Сол- сол екен
Найзағайларың
Жарқ- жұрқ еткен
Жай болып
Жерге түсті.
Жалба- жұлбасы шығып
Жыртылған бұлттарың
Шыңдарды
Өрлеп ұшты.
Сол бұлттарды
Ұшына іліп алған
Алып шыңдарым
Кеудесін керіп
Асып қарады.
Жай түсіп
Жанып жатқан
Емен, қарағайлар
Алау- далау боп—
Дүниеден безініп—
Далаға қарай
Қашып барады!
Бұлтпен
Соқтығыспауым керек еді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Концерттен соң

  • 0
  • 0

Концерт бiттi,
Бiреу гүлiн ұмсынып.
бiреу қолын соғып жатты құлшынып...
Алып сарай кеттi кенет теңселiп

Толық

Өкініш

  • 0
  • 0

Өсек айтып отыр екi азамат!
Тек өздерiн сүттен ақ қып тазалап,
қалған жұртты сырттан соттап, жазалап
тiрi жанды жерге берiп азалап,

Толық

Сенімді ит трагедиясы

  • 0
  • 0

Қайта алмастан қалаға
қалсын дедi-ау қаңғырып,
бiреу бiр күн далаға
итiн кеттi қалдырып.

Толық

Қарап көріңіз