Өлең, жыр, ақындар

Ақ Еділ

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 741
Көріп мен ұнаттым
Ақ Еділ бойларын,
Аққан сан бұлақтың
Көркіне тоймадым.
Қызығып көркіне,
Жыр кетті шертіле!
Көк толқын ойнауы
Сыңғырлап ағысы,
Бір жырды ойдағы
Оятты даусы...
Ол тәтті үн — ән сазы,
Секілді жан жазы.
Ақ Еділ толқыны
Жарыңа ұрыла
Шырқап бір толқыды
Әніне «Нұрия»...
Не деген әсем ән,
Кім екен жасаған?..
Сұлу ән тербетті
Қалғыған орманды,
Бұлбұл да әндетті
Күйге орман орнады.
Сүйді де осы үнді
Ақ Еділ қосылды...
Ақ Еділ суынан
Бұл жырды Салауат
Тыңдады... Сызылды ән
Ер жанын аялап...
Ән көкке самғады,
Есімде сол қалды...
Ақ Еділ бойынан
Сый тұтқан сәлем ап,—
Қоладан құйылған
Салт атты Салауат
Көтеріп қылышын,—
Ұнаттым — тұрысын.
Ақ Еділ суыңа
Жуынған Салауат,
Шежіре сырыңа
Қаныққан саралап,—
Ақ өзен мөлдірін
Шолып тұр ол бүгін.

Уфа, 1954



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хош келіпсіз!

  • 0
  • 0

Шырын тілді бұлбұлдары өзбектің,
Келіпсіздер ұшып көктем шағында,
Аңсай күтіп жолыңызды күзеттім,
Сайра, сайра, – менің алма бағымда!

Толық

Бір досыма

  • 0
  • 0

Бір досым, маған кейде:
«Шайыр болып,
Майданға барып едің Тайыр болып», –
Дейді де, әзілімен қағытады, –

Толық

Миллиард жыры

  • 0
  • 0

Халқымның мақтанышын шын қуанған,
Бұл жырға қанша айтсам да сиғыза алман!
Биылғы жылдың жарқын алтын күзі
Бөленді даңқымызға шыңды жарған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар